Мемлекет пандемия жағдайында бизнестің құқықтық салада қауіпсіз жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайды жасауда. Алайда, соған қарамастан, кейбір ашкөз кәсіпкерлер пандемия кезінде белгіленген ережелерді елемейді. Мұны арам ойлы шенеуніктер мен алаяқтар да пайдаланады. Бұған қолда бар фактілер дәлел.
Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет адал бизнесмендерді қырағылыққа шақырып, карантинді бұзатын әріптестері туралы уәкілетті органдарға хабарлауды сұрайды.
Сондай – ақ, шенеуніктер пара талап еткен жағдайда Агенттіктің 1424 - сенім телефонына хабарласа аласыздар. Оларға заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қолданылатын болады.

© 2024. Детский сад Акку отдела образования Темиртау