Құрметті ата-аналар! «Теміртау қаласының білім бөлімі» ММ https://indigo.ootemirtau.e-orda.kz/ru/ автоматтандырылған жүйесінде 2022 жылғы 17 қазан – 17 қараша аралығында кезекті «Тазалау» басталатындығын хабарлайды. Жыл сайын, қолданыстағы заңға сәйкес, аталған процедура іске асырылады. Өтініш беруші өзінің мүдделілігін тағы бір жылға растамаса, яғни оларды ұзартпаса, кезектен барлық өзекті емес өтініштер алынып тасталатынын білдіреді. Өтініштеріңізді растау үшін (және өтініштің әрекет ету мерзімін ұзарту үшін) жеке кабинетке кіріп, «Менің өтініштерім» мәзір тармағын таңдап, «өтінішті растау» түймесін басып, жүйенің нұсқауларын орындаңыз. Осыған байланысты барлық мүдделі тұлғалар, кезектің кідіртілуін болдырмау үшін мүдделілікті растау рәсімінен өтуі қажет. 

© 2024. Детский сад Акку отдела образования Темиртау